Коммуналдық мемлекеттік мекемесі  Ақмола облысы  білім  басқармасының «Степногорск қаласы, №17 «Психологиялық - педагогикалық түзету кабинеті»
Коммунальное государственное  учреждение управления образования Акмолинской области «Кабинет психолого-педагогической коррекции» №17, город Степногорск»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әдіскердің бос орнына конкурс жариялаймыз

      «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес (б. 2022 жылғы 18 қыркүйектегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілген), «Степногорск қаласы №17 психологиялық-педагогикалық түзеу мекемесі» КММ әдіскер бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Ұйымның мекен-жайы және пошталық индексі: 021500, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 6 шағын аудан, 4-ғимарат.

Жұмыс телефоны: 8 (716-45) 5-41-45.  Электрондық поштасы: kppk_17@mail.ru.  

 

Конкурсқа Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген тізім бойынша құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады.

107. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

      1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 01.01.1970 06:00
Құрылған күні: 08.11.2022 14:59

Текст